ADS. Inspection & Consulting
Главная · Статьи

Жүкті жөнелтпес бұрын тексеру: ол не үшін керек?

23 октября, 2026 1 мин чтения Uncategorized

Сюрвейерді көбіне жүк зақымдалып келгенде ғана еске алады. Бірақ кейбір мәселені ертерек, жөнелтушінің қоймасында-ақ көріп, тіркеп қоюға болады. Ол үшін жүкті жөнелтпес бұрын тексеру жүргізіледі.

Жөнелтер алдындағы тексеру деген не?

Бұл — жүк жолға шықпас бұрын жөнелтушінің қоймасында жүргізілетін тексеру. Сюрвейер жүк пен қаптаманың жай-күйін тіркейді, бәрін құжаттармен салыстырып, суретке түсіреді. Кейін дау туындаса, жүктің қандай күйде кеткені анық көрініп тұрады.

Контейнерді тиеуге дейін тексеру

Кейде мәселенің алдын алуға болады. Тиер алдында контейнердің нақты жүкке жарамды-жарамсызын тексереміз: таза ма, есіктері мен құлыптары дұрыс па, су өткізбей ме. Мұны кейін бүлінген жүкпен әуре болғаннан гөрі әлдеқайда оңай.

Сіз не аласыз

Жүктің, қаптаманың және қажет болса контейнердің жай-күйі суреттерімен бірге тіркеледі. Жолда бірдеңе бола қалса, бұл құжат сізге де, сақтандырушыға да, жүкті баратын жерінде тексеретін сюрвейерге де көмектеседі: мәселе жөнелтуге дейін басталды ма, кейін бе, соны ажыратуға болады.

Жүк жолда зақымдалса

Ал жүк баратын жеріне зақымдалып жетсе, алғашқы минуттарда не істеу керегін бөлек мақалада жаздық. Ең бастысы — өз сақтандыру компанияңызға тез хабарлаңыз.

Қай жерлерде жұмыс істейміз?

ADS Inspection & Consulting Қазақстанның барлық өңірінде өз сюрвейерлерімен жұмыс істейді, жұмысты Алматыдан үйлестіреді және Қорғасқа барады. Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түрікменстанда және Моңғолияда корреспонденттер желісі арқылы жұмыс істейміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Тексеруге сақтандыру компаниясысыз тікелей тапсырыс беруге бола ма?
Иә. Жөнелтер алдындағы тексеруге жүк иелері бізге тікелей тапсырыс береді.

Нәтиже қашан болады?
Алдын ала нәтижені бірден оқиға орнынан жібереміз, толық есеп әдетте екі-үш аптада дайын болады.

Тексеруге тапсырыс беру

Пошта info@adsic.kz, телефон +7 707 108 5758, WhatsApp +7 777 250 9663. Сол жұмыс күні ішінде жауап береміз.

Читайте также

WhatsApp Оставить заявку