ADS. Inspection & Consulting
Басты бет · Мақалалар

Жүк тасымалдау кезінде зақымдалса не істеу керек?

23 октября, 2026 2 мин оқу Без рубрики

Фураның есігін ашсаңыз, ішінде мыжылған қораптар, жылжып кеткен поддондар немесе еденде су дағы. Алғашқы ой — тезірек түсіріп, бәрін жинап, кейін барып шешу. Төлемге кейін керек болатын нәрсе дәл осы минуттарда жиі жоғалады. Жүк тасымалдау кезінде зақымдалса не істеу керек, соны айтып берейік.

1. Түсірмес бұрын бәрін суретке түсіріңіз

Көлікті не контейнерді, пломбаны және жүкті тұрған күйінде түсіріңіз. Жүктің қалай орналастырылып, қалай бекітілгені маңызды: түсіргеннен кейін оны қалпына келтіру мүмкін емес. Файлдардың түпнұсқасын сақтаңыз, мессенджер арқылы жібергенде суреттер сығылып, ұсақ детальдар жоғалады.

2. Пломба нөмірін жазып алыңыз

Пломба нөмірі құжаттармен салыстырылады. Пломбаны алмас бұрын суретке түсіріп, нөмірін міндетті түрде жазып алыңыз.

3. Қаптаманы лақтырмаңыз

Зақымдалған қорап не пленка қоқыс сияқты көрінеді, бірақ су қайдан кіргені, жүкке қай жерден салмақ түскені, оның қалай бекітілгені көбіне соған қарап анықталады. Қаптаманы тексеруге дейін лақтырып жіберсе, бұл ақпаратты қайтару мүмкін болмайды.

4. Құжаттарға ескертпе жазыңыз

Қабылдау кезінде бәрі асығады, ескертпені көбіне ешкім жазбайды. Ескертпесіз қойылған қолды кейін даулау қиын. Зақымды көрсеңіз, бұл туралы тікелей көлік құжаттарына жазыңыз.

5. Сақтандыру компаниясына хабарлаңыз

Мұны мүмкіндігінше тез жасаңыз. Сақтандыру компаниясы сюрвейерге тапсырма береді, ол жүкті тексеруге шығады. Көп жағдайда біздің сюрвейер бірнеше сағат ішінде орнында болады. Ол келгенше жүкке тиіспеуге тырысыңыз. Ал жүкпен шұғыл жұмыс істеу керек болса, ең болмаса бастапқы көріністі суретке түсіріп алыңыз.

Қандай құжаттарды дайындау керек

  • сақтандыру полисі не сертификаты;
  • инвойс пен орама парағы (упаковочный лист);
  • ескертпелері бар көлік құжаттары;
  • қабылдау актісі;
  • түсіру кезіндегі түпнұсқа суреттер мен бейнелер;
  • жүк рефрижераторлы болса, температура логгерінің деректері;
  • тасымалдаушымен және жөнелтушімен хат алмасу.

Бізбен байланыс

ADS Inspection & Consulting — 2008 жылдан бері Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істейтін тәуелсіз сюрвейер. Зақымдалған жүкке алғаш рет тап болып, неден бастарыңызды білмесеңіз, бізге WhatsApp +7 777 250 9663 арқылы немесе info@adsic.kz поштасына жазыңыз. Сақтандыру компаниясына хабарлаған кезде Қазақстанда тәуелсіз сюрвейер ADS жұмыс істейтінін айта аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз

WhatsApp Өтінім қалдыру